Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша қашықтық формада Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізді.

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті   5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша қашықтық формада Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізді.


24.04.2020 Барлық жаңалықтар


Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті  2020 жылдың 23-24 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша қашықтық формада Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізді.

Республикалық пәндік олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді:

1) Электротехниканың теориялық негіздері;

2) Сызықты автоматты реттеу жүйелері;

3) Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері.

Республика бойынша олимпиадаға 12 жоғары оқу университеттерінен 39 студенттер қатысты.

Олимпиада 2 кезеңнен құралды және Googl.meet платформасында өткізілді.  Бірінші кезеңде қатысушылар тапсырмалар таңдап 60 минут ішінде есеп шығармаларын тікелей қашықтық  бейне бақылау арқылы орындады. Екінші кезеңге 39 қатысушыдан алға басымдылықпен 10 студент шығып С.К. Абдигалиев «Honeywell - Автоматты басқару жүйесі» ЖШС бас директоры басқарған комиссия мүшелерінің қойған сұрақтарына үздік жауап  көрсеткіштерінің нәтижесі төмендегі кестеде берілген.

Аты жөні Барлық жинақ балы ЖОО Орны 
1 Хасенова Эльмира Серікқызы 16,0 Satbayev University 1
2 Шаймухамедов Адлет Асетович 14,0 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2
3 Салаватқызы Махаббат 12,0 Satbayev University 2
4 Қуанышбаев Бақытбек Бурханович 11,0 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті 3
5 Штейванд Александр Владимирович 10,5 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті 3
6 Шишук Владимир Сергеевич 10,0 Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті 3

Жеңіске жеткендер

ЖОО Жалпы балы Командалық есептегі орын
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті 29 1
Satbayev University 26 2
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 18 3