23 сәуірде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ талапкерлерге арналған бірінші онлайн Ашық есік күнін өткізді!

23 сәуірде Ғұмарбек  Дәукеев атындағы АЭжБУ талапкерлерге арналған бірінші онлайн Ашық есік күнін өткізді!

24.04.2020 Барлық жаңалықтар


23 сәуірде Ғұмарбек  Дәукеев атындағы АЭжБУ талапкерлерге арналған бірінші онлайн Ашық есік күнін өткізді!

Тікелей эфирдің жүргізушісі біздің университеттің түлегі және қызметкері Шәріп Ғалымжан болды. Ғалымжан кампусқа экскурсия жасап, студенттік өмір мен инфрақұрылым туралы айтып, зертханалық кабинеттер мен университет аудиторияларын көрсетті.

Тікелей эфирде біз ҒИТ мамандығының 3-курс студенті Тоқтанай Жанібекпен байланысқа шықтық. Жәнібек талапкерлерге арналған 3D принтинг бойынша мастер-класс өткізді. Осы 3Д принтерлерде біздің студенттеріміз өз ғылыми зерттеулерінің аясында дайындалған, стартап жобасының негізіне алынған 100 дана масканы және 25 мөлдір бастапқы қорғану маскасын ҚР фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығына басып шығарып, тегін тапсырған болатын. Ол туралы толық ақпаратты https://www.zakon.kz/5017440-almatinskie-studenty-izgotovili.html сілтемесінен оқи аласыз.  

Сонымен қатар, ЖОО-ға түсу мәселелері бойынша қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Альмуратова Камшат та онлайн кеңес берді. Ол ҰБТ тапсыру, оқуға түсу т.б. мәселелер бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

Трансляция соңында біз тікелей эфирде басылған 3D ғарышкер мен АЭжБУ имидждік футболкасын ойнаттық! Жүлде иегері Семей қаласының оқушысы Ермек болды.

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін РАХМЕТ! Алдағы уақытта көптеген тікелей эфирлер өткізілетін болады, күтіңіз!