АЭжБУ студенттеріне арналған "Schneider Electric" компаниясының вебинарлары!

АЭжБУ студенттеріне арналған

26.05.2020 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ студенттері үшін "Шнейдер электрик" компаниясының вебинарлары!

"Шнейдер Электрик" - өнеркәсіптік автоматтандыру және энергиямен жабдықтау саласындағы әлемдік көшбасшы. 29 мамырдан бастап компания Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне 6 вебинар өткізеді.

Вебинарлар қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптар бойынша тегін негізде өтеді. Мақсаты - АЭжБУ студенттеріне кәсіби айқындалуда және өзін-өзі дамытуда қолдау көрсету. Спикерлер ретінде "Шнейдер Электрик" компаниясының мамандары қатысады. Вебинарлар Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ "Автоматтандыру және басқару" кафедрасының және Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының көмегімен өтеді.

"Шнейдер Электрик" компаниясы 6 вебинардың қорытындысы бойынша студенттердің ең белсенділеріне және білімге құштарлыларына естелік сыйлықтар табыстайтын болады.

Вебинар № 1: Автоматтандыру және электр жетегі.

Спикер: Марат Қусманов. 15 жыл өндірістік автоматтандырумен айналысуда. "Шнейдер Электрик" компаниясында техникалық сарапшы лауазымында жұмыс істейді.

Күні: 29 мамыр. Уақыты: 11:00-13:00 (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша)

Тіркелу сілтемесі:

https://zoom.us/meeting/register/tJ0qfu-rpz8pHdb9yVyR8wqTGwSIIhxpCz8A

Вебинар №2: Кейінге қалдырып жүрген ісінді қалай бастау керек? Тиімді жоспарлау.

Спикер: Ілияс Жумадилов. Франция, Ресей және Испанияда мол халықаралық жұмыс тәжірибесі бар. Еуропаның коммерциялық тиімділік аймақтық директоры.

Күні: 30 мамыр. Уақыты: 11:00-12:00 (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша)

Тіркелу сілтемесі: https://zoom.us/meeting/register/tJMkfuGurDgiHNPJC10JzyyPOk7kBB84yJS-

Вебинар №3: Сандық экономикадағы көшбасшылық.

Спикер: Максим Агеев. Schneider Electric Kazakhstan Президенті. Энергетикалық инновациялар бойынша экономика ғылымдарының кандидаты. Инженерлік менеджмент магистрі.

Күні: 1 маусым. Уақыты: 13:00-15:00 (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша)

Тіркелу сілтемесі:

https://zoom.us/meeting/register/tJMpc-urpzsjGdFqf3V7kBXb1dkcesnUlgb8

Ескерту: Қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз, орындар саны шектеулі. Тіркеуден кейін Сіз вебинарға кіру туралы ақпараты қамтылған растамасы бар электрондық хат аласыз.