«Абай Құнанбайұлы ұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы» атты Тілдер кафедрасының ұйымдастырған 11.05.2020. онлайн семинарға пікір

«Абай Құнанбайұлы ұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы» атты Тілдер кафедрасының ұйымдастырған 11.05.2020. онлайн семинарға пікір

11.05.2020 Барлық жаңалықтар


Абай әлемін тану – қасиетті парызымыз

2020 жылдың 11 мамырында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика жане байланыс университетінің Тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн семинар өткізілді. Семинардың такырыбы - Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы аудармашы. Баяндама жасаған аға оқытушылар Г.С.Ахетова, З.А.Райымқұл Ұлы Абай шығармаларындағы ілім мен білімге, адамгершілікке шақыратын өлеңдер мен қара сөздер туралы мазмұнды да әсерлі баяндама жасап, семинарға қатысқан оқытушылар тарапынан құнды пікірлер айтылды. Әсіресе Ұлы данышпан атамыздың қара сөздерінің қасиеті мен құдіретінің мәні мен мағынасына зор көңіл бөлініп, бір кезде Абайды толғандырған мәселелер қазіргі таңда да  өткірде өзекті болып табылатыны атап өтілді. Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде мықты құрал болып табылатыны жайлы әңгіме қозғалды. Семинарға университетіміздің жалпы білім беретін, бітіртуші кафедраларының оқытушылары және студенттер белсенді қатысты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Махмұтов Серік Қапанұлы, әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Болат Жоламанович семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

 

Әріптестер, Тілдер кафедрасы бүгін Абай мұрасы туралы мазмұнды  онлайн семинар өткізді. Бірден айтайын, біздер үшін (техникалық емес кафедралар) бұл тәсілмен іс-шараларды өткізудің алғаш тәжірибелері десек, семинар еш ақаусыз сәтті өтті. 

Ұнағаны, уақытқа шектеу болған жоқ, ой қосу, пікір бөлісу қорытындылау мүмкіндік берілді. Бас-аяғына дейін кафедра меңгерушісі Мира Мұхамедяровна жүргізуінен оқытушылардың дайындықпен келгенін көрдік. Пікірталас басталған тұста Серік Капанұлының қосылып, басшылық тарапынан  ұйымдастырушыларға ризашылық білдіруі семинардың сөзжарыстың көрігін одан әрі қыздыра түсті... Біраз уақытқа барып қалған семинардан қысқа түйін:

1)  жиі өткізіп отыру керек екен, бұл онлайн әдісінің ерекшелігін игеру, мәдениетін қалыптастыру үшін  қажет;

2) тәлім-тәрбиелік мәні бар мұндай іс-шараны студенттерге арнап шақыру керек деп ойлаймын, көп қамтуымыз керек. 3) Әл-Фараби, Абай даналарымыздың  мұрасы бәрімізге ортақ. Техникалық кафедралардың оқытушылары қатысып, сөйлеп отырса деген тілек бар... Балжан Төрепашқызы, Рәт Шындалиевич, Тергемес Қажыбек, Элвира Темирканова т.б. қатысты, рахмет. 

50 шақты қатысушылар атынан рахмет айтамыз Тілдер кафедрасына, жетекшісі Мира Мухамбедьяровнаға... тамаша өтті! Ертең әл-Фараби атамызға арналған іс-шараға сайланып отырмыз. 

Өз ой-әсерімен  бөліскен Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Болат Жоламанұлы.

 

«Абай Құнанбайұлы ұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы» атты Тілдер кафедрасының ұйымдастырған 11.05.2020. онлайн семинарға пікір

Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к. Байдильдина С.Х.:

Абайдың қара сөздерінің қай-қайсысы да терең философияға толы. Ешқайсысын да бөліп-жаруға болмайды. Соның ішінде 25 сөзіндегі мына бір сөйлем ерекше назарымды аудартады. «Әрбіреудің тілін, мәдениетін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды... (Знание чужого языка и культуры делает человека равноправным с этим народом, он чувствует себя вольно...)».Егер 25 сөзді аударма мәселесімен шектесек, мағынасы тарылып қалар еді. Ал сөздің мағынасы әлдеқайда тереңде.

Бұл сөзді Абай өз заманы, өзі өмір сүрген орта жағдайында орыс тіліне қатысты айтқан болуы да мүмкін. Дегенмен, Абай Ұлы Тұлға ғой. Оның ұлы философ екендігі де сонда, осы бір сөздің бүгінгі XXI ғасыр -әлемдік интеграция, жаһандану жағдайында да өз құндылығын жоймай, керісінше, мән-мағынасының арта түскендігінде. Бүгін біз оған куә болып отырмыз. Абай халықтың «басқа тілдің бәрін біл...» деген халық даналығынан аспай, басқа тілдерді біліп-үйрену арқылы болашақта қазақтың еңсесінің биік болғанын, басқамен тең тұрғанын қалады. Тілін меңгеру арқылы ол халықтың табиғатын, ішкі қыр-сырын, ғылымы мен мәдениетін терең білуге болатындығын меңзеді. Абайдың бұл сөзі бүгінгі жаһандану жағдайында тіл меңгерудің басқа деңгей, басқа мүмкіндіктер, жаңалыққа ашылған жол екендігін тағы дәлелдеп отыр. Тіл білсеңіз түпнұсқаға қол жеткізесіз, ал аударма кей жағдайда шындық бола бермейді. Оны біздер саясаттану, әлеуметтану сияқты пәндерден де анық көреміз.