10-12 сынып оқушылары мен колледж түлектерінің назарына!

10-12 сынып оқушылары мен колледж түлектерінің назарына!

07.05.2020 Барлық жаңалықтар


10-12 сынып оқушылары мен колледж түлектерінің назарына!

Сізге техникалық мамандық қызықты, ал қайда оқуға түсуге шешім қабылдамадыңыз ба?

Бізде ұсыныс - сізде мүмкіндік бар!

Еліміздің ең үздік техникалық университеті - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - 2020 жылдың 6 - 20 маусымы аралығында алғашқы рет «AUES Fest» зияткерлік фестивалін онлайн режимде өткізетін болады және барлығын оған қатысуға шақырады.

Фестиваль мектептердің 10-12 сынып оқушыларына, колледж түлектеріне арналған және сіздерге бакалавриат бағдарламасы бойынша бір жылдық оқу үшін 100%, 50%, 25% және 10% жеңілдіктер жеңіп алуға мүмкіндік береді.

Бұл сіз қалап, күткен нәрсе ме?

Толығырақ біліп, қатысқыңыз келеді ме?

Ары қарай оқыңыз!

«AUES fest» фестивалінің бағдарламасы

Кезеңдер  Өту күндері
Онлайн тіркеу 2020 ж. 6 мамыр – 20 мамыр
I кезең: Бейне-эссе 2020 ж. 20 мамыр – 5 маусым
II кезең: Логикалық ойлауды тексеру 2020 ж. 8 маусым – 12 маусым
III кезең: Жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу 2020 ж. 15 маусым  – 20 маусым

Қатысу шарттары:

Онлайн тіркеу:

1.тіркеу формасының  Форма барлық жолдарын міндетті түрде толтыру;

2.сенімді ақпарат беру;

3.міндетті шарт - Фестивальге қатысуға уәждемелік хат жазу.

Хат тақырыбы: «Неліктен мен «AUES Fest» зияткерлік фестиваліне қатысқым келеді?».

Көлемі - 150-300 сөз (шамамен A4 форматының 0,5 - 1 беті)

Бірінші кезең:

• Фестивальдің бірінші кезеңіне қатысу үшін, іріктеуден өткен әрбір Қатысушыға тіркеу формасында көрсетілген электрондық поштаға бейне-эссе дайындау тақырыбы мен бірінші кезеңнен өту бойынша нұсқаулықпен бірге электронды хат жіберіледі;

• түсірілім уақыты 30 секундтан 60 секундқа дейін;

• бейнежазба Қатысушының Instagram желісіндегі парақшасында @aues_university белгісімен және #auesfest2020, #энергияәрқашан, #дәлсолэнергия хэштегтерімен бірге салынады;

• уәждемелік хат пен бейнематериалдың тілі Қатысушы таңдаған тіл бөліміне сәйкес келуі керек (қазақ немесе орыс);

• қатысушының Instagram парақшасы фестиваль аяқталғанға дейін ашық тұруы керек;

• тапсырма 100 ұпайлық меже бойынша бағаланады, онда қатысушы әділқазылар алқасынан 50 ұпай алады, қалған 50 ұпай инстаграмдағы жеке парақшасындағы лүпілдер санына сәйкес беріледі (1 ұпай=15 лүпіл).

Екінші кезең:

• ашық сұрақтар мен жауап нұсқалары бар тест түрінде болады;

• әр қатысушыға arhit.test платформасында тестілеуден өту үшін тіркеу формасында белгіленген электронды поштасына жеке ID жіберелетін болады;

• сұрақтардың жалпы саны - 20, тест тапсыру уақыты - 20 минут;

• әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады;

• 50-ден төмен ұпай алған қатысушылар әрі қарай фестивальге қатыса алмайды.

Үшінші кезең:

• жалпы білім беретін пәндер бойынша тестілеу түрінде өткізіледі;

• тестілеу өткізілетін бөлімдер: физика, математика, ағылшын тілі, қазақ / орыс тілдері, жалпы пәндер (білімпаздық);

• сұрақтардың жалпы саны - 100, тапсыру уақыты - 90 минут;

• әр бөлімнің сұрақтары 20 ұпаймен бағаланады;

• сұрақтардың күрделілігі: қарапайым, бір дұрыс жауаппен;

• тестілеу http://arhit.test платформасында өтеді.

* Назар аударыңыз!

Университет Фестивальдің шарттары мен оған қатысу ережелерін, сондай-ақ сыртқы және ішкі факторларды өзгерткен кезде жеңілдіктер саны мен деңгейін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Байтұрсынұлы 126/1

Байланыс орталығы: +7 (707) 600-6419 / +7 (707) 600 6449

Электрондық пошта: auesfest@aues.kz