Energo University-де DAUKEYEV reading байқауының жеңімпаздары анықталды

Energo University-де DAUKEYEV reading байқауының жеңімпаздары анықталды

17.04.2024 Барлық жаңалықтар


16 сәуірде Energo University -де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті ұйымдастырған DAUKEYEV reading байқауының финалы өтті. Байқау университет магистранттары арасында жарияланым белсенділігін арттыруға және дамытуға бағытталған. Жобаларды қорғау public talk форматында өтті.
DAUKEYEV reading қатысушыларымен амандасқаннан кейін, Energo University-дің Ректоры Сыздыков Мурат жоғары оқу орны үшін магистранттардың сөз сөйлеуге және жұмыстарын жариялауға мүмкіндігінің болуы, сол арқылы елеулі ғылыми-зерттеу мансабына дайындалуы өте маңызды екенін атап өтті.
Орындар төмендегідей үлестірілді:
1-орын - Темирова Гаухар Жалеладдинкызы
2-орын - Губайдуллин Амир Шамильевич
3- орын - Калдыбек Дамира Асылбекқызы
Жеңімпаздар келесі көрсетілген баға бойынша ваучерлерге ие болды: 1-орынға – 1 000 000 тг.,2 - орынға – 750 000 тг., 3 -о рынға – 500 000 тг.. Ваучерлерді халықаралық журналдарда ғылыми мақалалардың жариялануына ақы төлеу үшін пайдалануға болады.
DAUKEYEV reading-ке сырттан бақылаушылар: Алматы қаласының "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Кеңесов Ақежан және «Қазақстан Халық партиясы» Алматы қалалық филиалының Жастар қанатының жетекшісі Қожахметов Жаңаби қатысты. Олар өткізілген іс-шараға оң баға берді.