Forever young: Energo University-де түлектер кездесуі өтті

Forever young: Energo University-де түлектер кездесуі өтті

17.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University – де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энерегетика және байланыс университеті) 13 сәуірде "Alumni club Energo" қозғалысын дамыту аясында түлектер үшін кезекті іс-шара өткізілді. Бұл жолы өздерінің Альма-матеріне Электр энергетика факультетінің 2007 жылғы түлектері - бұрынғы студент 17 адам қатысты.
Университеттің Түлектер клубының ұраны "Барлық жолдар Энергоға апарады" сияқты естілуі кездейсоқ емес. Бұл күні туған университет қабырғасында қонақтарды қазіргі студенттер - әндермен, билермен және аккордеонның сүйемелдеуімен қарсы алды. Ностальгия ноталарымен қызықты саяхатты бастамас бұрын, әр қонаққа түлектің мантиясы киіліп, арнайы плакатта өз қолтаңбасын қалдыруды сұрады.
Қонақтар Energo Universityдің ректоры - Сыздыков Муратпен және өз оқытушыларымен кездесті, университеттің жанға жақын дәліздері мен аудиторияларын аралап, зертханаларға кіріп шықты, олардың бірінде олар үшін ойын ұйымдастырылды. Ал акт залында оларды жағымды естеліктердің тағы бір бөлігі– студенттік жылдардың фотосуреттерін үлкен экранда көру, сонымен қатар қазіргі студенттердің рухани концерті күтіп тұрды.
Energo University – дің Түлектермен жұмыс бөлімінің бастығы – Абдуллина Зарема атап өткендей, мұндай іс – шаралар біздің университеттің жақсы дәстүріне айналды, олардың әрқайсысы бірегей және университеттің түлектерін біріктіруге арналған. Alumni club Energo биылғы жұмысының шарықтау шегі мамыр айының соңында өтетін Түлектер балы болады. Өткізудің нақты күні қосымша тағы хабарланады. Жаңалықтарды бақылап отырыңыздар!