Energo University-дің оқу процессіне Ansys Academic Multiphysics Campus Solutions кешені енгізілді

Energo University-дің оқу процессіне Ansys Academic Multiphysics Campus Solutions кешені енгізілді

04.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) ЖОО мен «КазақИнжиниринг»  компаниясының арасындағы ынтымақтастық аясында Ansys Academic Multiphysics Campus Solutions кешені енгізілді.

Кешен телекоммуникациялық инженерия кафедрасының базасында орналастырылған және антенналар, жолақты сүзгілер, толқын өткізгіштер, резонаторлар, микротолқынды монолитті интегралды схемалар сияқты жоғары жиілікті, радиожиілікті және микротолқынды инженерия салаларындағы, сондай-ақ электроника, электротехника, қатты дене механикасы, айқын динамика, есептеу гидродинамикасы және жылу алмасу салаларындағы құрылғыларды модельдеуге арналған бағдарламаларды қамтиды.

- Бағдарламалық пакеттің арқасында Energo University ғалымдары мен оқытушылары мультифизикалық мәселелерді шешуге, ал студенттер - бүкіл әлемде қолданылатын бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуге мүмкіндік алды,- деп Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының Телекоммуникациялық инженерия кафедрасының меңгерушісі Карибаев Бейбит атап өтті. -  Қазіргі уақытта осы бағдарламалық қамтамасыз етумен "Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар", "Әуе көлігі және технологиялар", "Электротехника және энергетика" және "Электротехника және автоматтандыру" білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқитын студенттер жұмыс істей алады.

Energo University үшін Ansys Academic Multiphysics campus Solutions кешенін енгізу оқу процестерін жаңғыртудағы маңызды қадам болды.