Energo University және Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті ынтымақтастық туралы келісті

Energo University және Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті ынтымақтастық туралы келісті

01.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің) ректоры Сыздыков Мурат және Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті ректоры Кокшаров Виктор ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі елдің жоғары оқу орындары бірқатар негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты, олардың ішінде:

- оқу және ғылыми әдебиеттерді әзірлеу және алмасу, ғылыми жұмыстар мен әдістемелік материалдарды рецензиялау;

-бірлескен ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

- білім беру және ғылыми бағдарламалар шеңберінде студенттер мен мамандармен академиялық алмасу, бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу.

Бұл стратегиялық әріптестік екі университеттің Қазақстан мен Ресейдің жетекші салалары үшін кадрларды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.