ENERGO UNIVERSITY-ДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

ENERGO UNIVERSITY-ДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

12.03.2024 Барлық жаңалықтар


11 наурызда Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының "биотехникалық және медициналық аспаптар мен аппараттар" мамандығының студенттеріне арналған медициналық ақпаратты көрсету құралдарының оқу зертханасы ашылды.

Өзінің толықтығы бойынша бірегей зертхананың пайда болуы ЖОО мен заманауи медициналық жабдықтардың ірі қазақстандық өндірушісі "Ордамед" компаниясы ынтымақтастықтарының арқасында мүмкін болды. Аудитория жалпы сомасы 50 миллион теңгеге медициналық ақпаратты көрсету құралдарымен жабдықталған. Студенттерге арналған техниканың ішінде механикалық желдету аппараты, электрокардиографтар, пациенттің мониторлары, оттегі концентраторы, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор, жоғары ағынды оттегі аппараты және басқалары бар.

- Медициналық техника инженері мамандығын таңдаған студенттерге заманауи, озық жабдықтармен айналысуға мүмкіндік бере отырып, осы зертхананы ашу біз үшін үлкен мәртебе, -деп,  «Ордамед» компаниясының басқарма төрағасы Еркин Длимбетов. – Осының арқасында университет түлектері медициналық техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша дайын, тәжірибелі мамандар болады, оларды біз өзімізге қуана-қуана жұмысқа қабылдаймыз.

University-дің Ректоры Сыздыков Мурат кадрларды даярлау кезінде жоғары оқу орны мен бизнестің өзара іс-қимылының жоғары әлеуметтік маңыздылығын ерекшелеп, білімге инвестициялар сөзсіз үлкен табыс әкелетінін атап өтті:

- Осы зертхананы ашу арқылы біз адами капиталдың дамуына бірге үлес қосамыз. Кадрларды даярлауды ғана емес, Қазақстанда медициналық жабдықтар өндірісі саласын дамытуды да өз мақсатымызға қоямыз.

      «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» — бұл Energo University-де Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты базасында оқытылатын техникалық мамандық (институттың құрамына 3 кафедра кіреді - IT-инженерия, Киберқауіпсіздік, Автоматтандыру және басқару). Институт директоры Игорь Федоренко атап өткендей, 2024 жылдан бастап осы мамандыққа қос дипломды бағдарлама бойынша түскен студенттер оқу бітіргеннен кейін Германияның қолданбалы ғылымдардың үздік университеттерінің қатарына кіретін Анхальт университетінің дипломын алады.

"Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар" білім беру бағдарламасы тек техникалық емес, сонымен қатар медициналық бағыттағы пәндерді оқуды қамтитынын атап өткен маңызды. Сондықтан, оқу процесі елдің жетекші емдеу мекемелерімен, сондай-ақ медициналық жабдықтарды өндірумен және жеткізумен айналысатын компаниялармен серіктестікте жүзеге асырылады. Мысалы, университет А. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығымен ынтымақтастық туралы келісім жасасды.

         Заманауи медициналық жабдықтары бар оқу зертханасын ашу оқу процесін осындай бейіндегі мамандарға қойылатын талаптарға толық сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Студенттер медициналық техникаға қызмет көрсетуде, пайдалануда және жөндеуде іс-тәжірибе алады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және диагностикалық зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану дағдыларына ие болады және т.б. сонымен қатар білім алушылар Электроника, Компьютерлік және микропроцессорлық техника, Ақпараттық технологиялар бойынша барлық қажетті білімді алуға мүмкіндік алады.

     - "Ордамед" компаниясының еліміздің түрлі өңірлерінде 17 филиалы бар, - деп атап өтті Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко. - Сондықтан біздің университетке басқа қалалар мен елді мекендерден оқуға келген студенттердің үйде ғана өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибеден өтіп қана қоймай, кейіннен жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, заманауи медициналық техникамен жабдықталған зертхананың ашылуы осы бағыттағы және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті және "ЛЕТИ" Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университеті сияқты Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты тереңдетуге және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға серпін береді деп үміттенеміз.                          

                                        Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты