Energo University-де психология аптасы өтті

Energo University-де психология аптасы өтті

19.02.2024 Барлық жаңалықтар


12–16 ақпан аралығында Energo University-де Психология апталығы өтті. 5 күн бойы студенттер, ОПҚ және қызметкерлер жағымды эмоцияларды ынталандыруға және психологиялық әл-ауқатты қолдауға бағытталған Психологиялық қызмет ұйымдастырған іс-шараларға қатысты.

Жоба аясында: студенттерге арналған «Эмоционалды интеллектті дамытуға», «Мен және менің айналамдағы әлем», «Мен - түсінемін, мен – сенемін» тренингтері; ОПҚ және қызметкерлерге арналған «Кәсіби қызметтегі эмоционалды шаршаудың алдын алу және түзету» тренингтері; Psycho Express – студенттерге психологиялық кеңес беру; нейрографика, мандала және арт-терапия; «5 жылдан кейін өзімді қалай көремін?» тақырып бойынша эссе жазу байқауы; ЖДО клиникалық психологтарынан шиеленіс пен күйзелістен арылу бойынша психогимнастика; «Асмед-2» МО акушер-гинекологының қатысуымен «Ерте жүктілікті алдын алу» тақырыбында семинар; «Өмір ағашы» шығармашылық ивенті, «Көңіл – күй-метр» диагностикасы, «Психологқа сұрақ қой», «Жаз және жібер» айдары іске асырылды.