Energo University өкілдері Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде болды

Energo University өкілдері Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде болды

08.02.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Энергетика және жасыл технологиялар институтының қызметкерлері институт директоры Бегимбетова Айнурдың бастамасымен 7 ақпанда Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде кәсіби бағдарлау жұмысын өткізіп қайтты.

  Іс-шараға шамамен 500 білім алушы-болашақ түлектер қатысты. Energo University өкілдері қатысушыларды Университеттің Электр және Жылу энергетикасы, Жаңғыртылатын энергия көздері бойынша білім беру бағдарламаларымен таныстырып, оқу жағдайлары мен болашақта жұмысқа орналасу туралы айтты, сондай-ақ студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Болашақ талапкерлер тікелей біздің Университетте білім алу туралы ғана емес сонымен қатар белсенді және әртүрлі студенттік өмір туралы көптеген, жаңа және пайдалы ақпаратты алды.

Энергетика және жасыл технологиялар институты