The national team of Energo University «Qyzdar-ai Energo» - champions of Zhaidarman

The national team of Energo University «Qyzdar-ai Energo» - champions of Zhaidarman

07.02.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Жайдарман бойынша «Қыздар-ай Energo» құрама командасы 6 ақпанда Жайдарман республикалық чемпиондар лигасы фестивалінде жеңіске жетіп, өзінің шеберлігі мен ауызбірлігінің жоғары деңгейін растады. Іс-шараға еліміздің жан-жағынан: 17 облыстық және 3 – республикалық маңызы бар қаладан келген командалар қатысты.

Табан тірескен куресте Energo University-дің талантты ойыншылары өздерінің шешенділігінің және әзілінің жоғары деңгейін дәлелдеп, Жайдарманның Жоғары лигасына жолдаманы алды. Бұл еліміздің мен-мен деген командалары кездесетін жарыстардың жоғары стандарты.

Біз командамызбен мақтанамыз және олардың бұл жолда табысқа жетуіне сенеміз,- деп Жастар саясаты департаментінің директоры Каби Еликбай атап өтті. – Біз университетімізбен бірге Жайдарман ойыншыларымыздың табысқа қол жеткізіп жатқанын бақылауды жалғастырамыз және оларға жанкүйер боламыз!