420 км жүгіріп, АЭжБУ Ғарыштық инженерия кафедрасынан кәдесый ал!


03.06.2020 Все объявления


420 км жүгіріп, АЭжБУ Ғарыштық инженерия кафедрасынан кәдесый ал!

Роскосмос «Жүгіру зиян» YouTube-арнасымен  бірлесе «ХҒС-ға дейін жүгір» атты челленджін жариялайды. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Ғарыштық инженерия кафедрасы аталмыш челленджді қабылдап, келесіні хабарлайды:

Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 420 км қашықтықты (Халықаралық ғарыш станциясы жерден дәл осындай қашықтықта орналасқан) жүгірген 30 адам Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Ғарыштық инженерия кафедрасы атынан бірегей кәдесыйға ие болады.
 

Конкурсқа қатысу үшін келесі сілтеме бойынша Фейсбук тобына қосылу  керек: https://www.facebook.com/groups/826462887749310/?ref=share  
 

Инстаграмм желісінде @aues_space  @aues_university аккаунттарын белгілеп жетістіктеріңізбен бөлісіңіздер.
Және #ДобегиДоМКС хэштегін қоюға ұмытпаңыздар.