Инженериядағы кәсіпкерлік



"Инженериядағы кәсіпкерлік" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры


Бейіндік пәндер: математика, физика


Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Жылу энергетикасын дамытуда сапалы серпіліс жасауға дайын, ішкі және әлемдік зияткерлік еңбек нарығының талаптарына сай, кәсіби қызметте жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық білімдерге, дағдылар мен іскерлік шеберлікке ие жылуэнергетикадағы кәсіпкерлік саласында жоғары білікті мамандарды даярлау


Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

«Инженериядағы кәсіпкерлік» - «soft skills» біліктілігі бар, түрлі салалардағы қызметтерінде өзгерістерге икемді және бизнес-аналитика құралдары негізінде сол өзгеріс процестерін басқаруға бейім бәсекеге қабілетті кәсіпкер мамандарды даярлау.


Кәсіби қызмет саласы "Инженериядағы кәсіпкерлік" бағдарламасы бойынша оқитын студенттер оқу барысында кәсіпкерлік теориясы мен практикасы, салық салу, бухгалтерлік есеп, кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқару; кәсіпорынды экономикалық басқару, нарықты талдау, сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру, баға саясатын жүзеге асыру, маркетингті басқару сияқты салалар бойынша дағдылар мен білім алады. Бұл білім беру бағдарламасының түлегі кәсіпкерлік ойлауды, өзін-өзі дамыту және көшбасшылық қабілеттерін, қоршаған ортаның өзгеретін жағдайларында стандартты емес әрекет ету қабілеттерін қалыптастырады. 2020 оқу жылына "В062 – Электр техникасы және энергетика" ББ бойынша жылу энергетикасы және электр энергетикасы бағыттары ББ қамтитын 1800 мемлекеттік грант бөлінді, сондай-ақ "В162-Жылу энергетикасы" ББ бойынша жеделдетіп оқыту нысаны үшін 25 мемлекеттік грант бөлінді, олардың иегері Сіз бола аласыз!!!


Кәсіби қызмет объектілері
 Өндірістік кәсіпорындар  Энергетикалық компаниялар  Консалтингтік, жобалық, енгізу және қызмет көрсететін компаниялар  Мемлекеттік және аймақтық құрылымдар  Инновациялық компаниялар  Шағын және орта бизнес т.б.


Кәсіби қызмет пәндері
Шетелдік оң тәжірибені қазақстандық жағдайларға жалпылау және бейімдеу қабілеті, қалыптасқан жағдайда жылдам бағдарлай білу және шешім қабылдау қабілеті, сондай-ақ басқа да кәсіби құзыреттер "Инженерлерге арналған кәсіпкерлік", "Бизнес-про-үдерістерді басқару", "Бизнес-жоспарлау", "Өнеркәсіптік маркетинг", "Корпоративтік менеджмент", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" және басқа да бірқатар пәндерді оқу барысында алынады.


Кәсіби қызмет міндеті

"Инженериядағы кәсіпкерлік" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлау бағдарламасы ресурстарға қажеттілікті бағалау және оларды пайдалануды жоспарлау қабілеті, экономикалық тәуекелдерді талдау және болжау қабілеті, жаңа идеяларды генерациялау және кәсіби қызметтегі міндеттерді шешу кезінде оларды іске асыру тәсілдерін табу қабілеті сияқты әмбебап құзыреттерді қалыптастыруға арналған.  


Материалдық-техникалық база

Оқыту барысында табысты және креативті кәсіпкерлердің арнайы шеберлік кластары, семинар-тренингтері, қонақ дәрістері ұйымдастырылады. Сонымен қатар кафедра базасында "ОЭК мәселелерін зерттеу" тақырыптық ғылыми-зерттеу зертханасы бар». 


Жұмысқа орналасу нұсқалары :

«Инженериядағы кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасының түлектері келесі салаларда жұмыс істей алады: